Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда көліктен қоқыс тастағандарға айыппұл мөлшері артты

Италияда көліктен қоқыс тастағандарға айыппұл мөлшері артты

Фото: freepik

Италия билігі жол бойына қоқыс тастағандарға қатысты айыппұл мөлшерін бірнеше есе арттырды. Енді көліктен жолға немесе тротуарға лақтырылған қоқыс пакеті үшін жүргізушіге 18 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Майлықтар, пластикалық бөтелкелер, темекі тұқылдары секілді ұсақ қоқыс үшін айыппұл көлемі 1188 еуроға дейін жетеді. Ал егер құқық бұзушылық қорық аумағында немесе басқа да қорғалатын аймақта жасалса, айыппұлға қоса қылмыстық жаза қолданылып, тіпті түрмеге қамау қаупі бар.
Жаңа ереже көлік қозғалыста болсын, тоқтап тұрсын – бәріне бірдей қолданылады. Бұдан былай полицияның тікелей куә болуы міндетті емес, бейнебақылау камерасына түскен жазба жеткілікті.
Салыстырар болсақ, Германияда мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл көлемі ондағаннан жүздеген еуроға дейін өзгереді және аймақтың заңнамасына, қоқыстың түріне қарай белгіленеді.
12 тамыз 2025 ж. 172 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031