Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқыс төгуге болмайтын жерлерді ластағандарға жаза күшейеді

Қоқыс төгуге болмайтын жерлерді ластағандарға жаза күшейеді

сурет: pixabay
Қоқыс төгуге болмайтын жерлерді ластағандарға салынатын айыппұл артады. Бұл туралы Мәжілістің ресми телеграм-каналында хабарланды.

   
Енді 434-бабтың кей бөліктерінде «Ұсақ бұзақылық» ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіргені үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке) дейін әкімшілік қамауға алу қаупі бар, - деп жазылған хабарламада.

Бір жыл ішінде осындай заң бұзуды қайталағандарға 20 (бұрын 15 тәулік) 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу қарастырылып отыр.

434-2 «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша жаза екі есе күшейеді. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) айыппұл көлемінде, ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
22 мамыр 2024 ж. 297 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031