Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Архив құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру бойынша оқыту курстары аяқталды

Архив құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру бойынша оқыту курстары аяқталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық архивте «Қазақстан архив ісі саласы құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру» бойынша Түркия мамандарының оқыту курстары аяқталды. Оқыту шарасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқыту курстары барысында қатысушылар архив құжаттарын реставрациялау, басқару және цифрландыру салалары бойынша теориялық және практикалық білім алды.
Курстың тәжірибе алмасу бөлімі құжаттың анықталуынан басталып, құжатты тазарту және сияға талдау жасаумен жалғасты. Тазалау кезінде қолданылатын материалдар мен құралдар таныстырылып, құжатты тегістеу және реставрацияға дайындау әдістері меңгерілді. 
Желімдердің ерекшеліктері мен оларды дайындау тәсілдері туралы ақпарат беріліп, қалпына келтіру жұмысына кірісу барысында зақым деңгейін анықтап, қолданылатын әдістер белгіленді. Қалпына келтіру әдістерін практикалық түрде қолдану, тігіліп қалпына келтірілетін құжаттардың кезеңдері, бөлшектелген парақтарды біріктірудегі жаңашылдықтар, сондай-ақ реставрация этикасы және бұл жұмыстарда пайдаланылатын құралдар мен материалдар жан-жақты талқыланды.
Тәжірибелік курсқа Астана қаласындағы 60-тан аса архив қызметкері мен реставраторлар қатысты.  
10 тамыз 2025 ж. 275 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 136

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031