Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны тек онлайн ала аласыз

11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны тек онлайн ала аласыз

Фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда 11 тамыздан бастап электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу толықтай онлайн форматқа көшіріледі. Бұл туралы «Электрондық үкімет» порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  
Енді ЭЦҚ алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барудың қажеті жоқ.
ЭЦҚ-ны алу процесі келесідей:
  • egov.kz порталына немесе pki.gov.kz сайтына тіркелу;
  • веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту;
  • сәйкестендіру сәтті өткен жағдайда, цифрлық қолтаңба автоматты түрде беріледі.
«Сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда (мысалы, деректер базасында фото болмаған жағдайда) қолданушыға 5 мәрте әрекет ету мүмкіндігі беріледі. Егер бәрібір сәйкестендіру мүмкін болмаса, азамат ХҚКО-ға жүгіне алады», – делінген хабарламада.
Жаңа жүйе жеке деректерді қорғау және цифрлық жеке бас қауіпсіздігін күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Осылайша, бөтен адамның ЭЦҚ иелену ықтималдығы мүлдем жойылады.
07 тамыз 2025 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930