Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық дәрігерлер науқастың жүрегінен сирек кездесетін ісікті алды

Қызылордалық дәрігерлер науқастың жүрегінен сирек кездесетін ісікті алды

Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында ашық жүрекке сирек кездесетін ота жасалды. Дәрігерлер миксома деп аталатын қатерсіз ісікті алып тастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы хабарлады. 
Пациент Зәуре Асанованың іш қуысындағы негізгі артериялардың бірі бітеліп қалып, хирургтер қан ұйығыштарын алып тастауға мәжбүр болды.
"Қосымша тексеруден соң пациентте көлемі 6×5 сантиметр болатын сол жақ жүрекше миксомасы анықталды. Сондықтан жасанды қан айналымын қолдану арқылы ашық жүрекке жоғары технологиялы ота жасалды. Дәрігерлер ісікті сол күйі алып тастады", — делінген хабарламада.
Ота сәтті өтті. 49 жастағы пациент қазір медициналық оңалту сатысында. 
"Тынысым тарылып, басым айнала беретін, аяқтарым ұйып қалатын. МӘМС аясында тегін ота жасалып, жағдайым жақсарды", — деді Зәуре Асанова.
Аурухананың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Берік Дәуітбаевтың айтуынша, миксома — сирек кездесетін патология, мұндай ота облыста жылына 1-2 рет қана жасалады.
"Құны — шамамен 3,5 миллион теңге. Барлық шығын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі. Жыл басынан бері ашық жүрекке шамамен 70 ота жасадық. Оның көбі — аортокоронарлық шунттау мен жүрек қақпақшаларын ауыстыру", — деді Берік Дәуітбаев.


Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265308-qyzylordalyq-darigerler-nauqastyn-zureginen-sirek-kezdesetin-isikti-aldy
07 тамыз 2025 ж. 298 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031