Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді

Фото: iStock
Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.
Сондай-ақ ҚР Білім туралы заңына сәйкес, квоталық категориялар ескерілді. Мысалы:
жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар;
көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан балалар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.
Бұл категориялардың ерекшелігі – аталған квота түрі бойынша талапкер конкурсқа қатысатын болса, өзінің квота шеңберінде және жалпы конкурс бойынша да грант конкурсына қатысу мүмкіндігі бар.
Жыл сайын министрлік мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенеді. Яғни, сала-сала бойынша қанша маман қажет екендігі анықталған талдауға сәйкес, министрлік мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады.
Мемлекеттік білім беру гранты ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі.
Биыл екінші жыл қатарынан сараланған гранттарды бөлу қарастырылып отыр. 2024 жылы алғаш рет 300 сараланған грант бөлінсе, биыл да осы көлемде ұсынылуда. 150 грантты біз педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 150 грантты жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламаларына бөлуді жоспарлап отырмыз. Сараланған гранттың конкурсы негізгі конкурстан кейін бөлек өтеді. Ол үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. Барлық деректер Ұлттық тестілеу орталығының базасында сақталған. Сараланған грант иегерлерінің тізімі қыркүйек айының соңында жарияланады.
Өздеріңізге белгілі, білім беру гранттарын беру қағидаларына сәйкес талапкер өзінің өтінімінде 4 ЖОО және 4 білім беру бағдарламасын көрсетуге құқылы.
07 тамыз 2025 ж. 98 0

Арнайы жиын өткізілді

07 тамыз 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031