Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстікте егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды

Оңтүстікте егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды

Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Басасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл вегетация кезеңінде жалпы көлемі 10,1 млрд текше метр су алу жоспарланған. Осылайша, суару кезеңінің соңына дейін тағы шамамен 2 млрд текше метр су алынады. Жалпы алынған судың шамамен 37,2%-ы немесе 3,03 млрд текше метрі Қызылорда облысына тиесілі. Түркістан облысы алған су көлемі – шамамен 37% немесе 3,011 млрд текше метр. Жамбыл облысына 9,3%-дан астам немесе 761,7 млн текше метр, Жетісу облысына – 8,8%-дан астам немесе 719,6 млн текше метр, ал Алматы облысына – 7,7%-дан астам немесе 631,4 млн текше метр су берілді.

«Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суару маусымының барысы министрлік бақылауында. Судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп каналдар мен басқа да объектілерге тұрақты мониторинг жүргізетін төрт жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар су кезекпен беріліп, шаруалар арасында түнгі суару және егіс айналымына көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Биыл еліміздің оңтүстігінде вегетация кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Соған қарамастан, суармалы судың ерте берілуінің арқасында оңтүстік өңірлердің диқандары сәуір айының ортасында алғашқы қырыққабат өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын-қарбызды, маусымда баклажан мен өзге де бақша дақылдарының алғашқы өнімін жинап үлгерді.

Осыған дейін су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидалары бекiтілгені туралы жадық.

06 тамыз 2025 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930