Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияда зоопарк мамандары үй жануарларын жыртқыштарға азық ету үшін сыйға беруді ұсынды

Данияда зоопарк мамандары үй жануарларын жыртқыштарға азық ету үшін сыйға беруді ұсынды

Фото: pixabay.com
Данияның Ольборг қаласындағы зоопарк тұрғындардан қажетсіз болып қалған үй жануарларын сұрап жатыр. Олар тауық, қоян, теңіз шошқалары сияқты ұсақ жануарларды зоопарктегі жыртқыштарға азық ретінде пайдаланбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Зоопарк хабарламасында адамдар жануарларды "әртүрлі себептермен" тапсыруына болатыны айтылған. Бір уақытта ең көбі төрт түрлі ұсақ жануарды тапсыруға рұқсат етіледі.
Зоопарк қызметкерлері кейбір үй жануарларын арнайы мамандардың көмегімен ұйықтататынын айтты. Яғни қинамай өмірін тоқтатады. Сосын бұл жануарлардың денесі зоопарктегі жыртқыш аңдарға сілеусінге азық ретінде беріледі.
Зоопарк өкілдерінің айтуынша, кейбір жыртқыш аңдарға тек ет емес, табиғи ортада өзі аулайтын олжа сияқты бүтін жануар қажет. Мысалы, еуропалық сілеусін жабайы табиғатта тірі жануарларды аулап жейді. Сондықтан зоопаркте де оған сондай табиғи жағдай жасау маңызды. Бұл оның табиғи мінез-құлқын сақтауға көмектеседі.
"Зоопарктерде біз жануарлардың табиғи қоректену тізбегін жасауға міндеттіміз. Бұл жануарлардың әл-ауқаты мен кәсіби этика үшін маңызды. Ештеңе босқа кетпейді. Біз жыртқыштарымызға табиғи мінез-құлықты, дұрыс тамақтануды және әл-ауқатты қамтамасыз етеміз. Әртүрлі себептермен өлуіне тура келетін жануарлардың пайда әкелуіне мүмкіндік беру орынды шешім", – делінген зоопарк мәлімдемесінде.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе Данияда кең таралған. Көп жағдайда зоопаркте өлген немесе сау популяциядан іріктеліп алынған жануарлар да жыртқыштарға жем болады. 2014 жылы Копенгаген зоопаркі 18 айлық керікті ұйықтатып, денесін арыстанға бергеннен кейін үлкен дау туған еді. Ол кезде зоопарк бұл әрекетті туыстас жануарларды шағылыстырудан сақтану қажеттілігімен түсіндірген болатын.
05 тамыз 2025 ж. 321 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031