Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіл атлетикадан XXXIV Ғұсман Қосанов халықаралық турнирі аяқталды

Жеңіл атлетикадан XXXIV Ғұсман Қосанов халықаралық турнирі аяқталды

Фото: instagram.com/qazathletics
Алматыда жеңіл атлетикадан Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – XXXIV Ғұсман Қосанов халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары бірнеше медальға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, әйелдер арасында 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырына түгелдей қазақстандық спортшылар көтерілді. Бұл қашықтықты Юлия  Башманова 13.73 секундта жүгіріп өтіп, чемпион атанды. Күміс медальді Ирина Конищева (13.88), қола медальді Алина Чистякова (14.39) иеленді.
Сырықпен секіруден әйелдер арасындағы бәсекеде Полина Иванова 4.00 метр нәтижесімен топ жарды. Екінші орынды Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Анна Черкашина (3.80) еншіледі.
Ал 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мұхитдинов, Аделина Земс, Александра Залюбовская және Андрей Соколов төрттігі мәреге бірінші болып келді. Қазақстан құрамасының нәтижесі  - 3:25.65.
110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов (13.99),  найза лақтырудан Артур Гафнер (72.72), үш қарғып секіруден Мария Ефремова (13.48), 200 метрге жүгіруден Александра Залюбовская (24.27) турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.
Қосанов  мемориалының қола жүлдегерлері: Антон Боднар (биіктікке секіру, 2.00), Диана Гейнц (найза лақтыру, 44.53), Евгения Красаева (800 метр, 2:12.51), Никита Изотов (800 метр, 1:53.97), Евгений Прокудин (110 метрге кедергілермен жүгіру, 14.25), Виктория Ан (200 метр, 24.57), Виталий Земс  (200 метр, 21.24), Ақбілек Құралбай (5000 метр, 17:24.03), Игорь Хрунин (500 метр, 15:30.63).
Айта кетелік, Ғұсман Қосанов мемориалы - World Athletics Continental Tour Bronze Level санатына енген маңызды халықаралық турнирлердің бірі.  Жарысқа қатысушылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына рейтингілік ұпайлар жинайды.
05 тамыз 2025 ж. 147 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 160

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 132

Сәтімен өткен сенбілік

05 тамыз 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031