Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан спортшылары Астанада өткен чемпионатта тағы үш алтын жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Астанада өткен чемпионатта тағы үш алтын жеңіп алды

Жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының соңғы күнінің кешкі отырысы турнир қожайындарының жеңісімен аяқталды. Елордадағы жүгіру жолағында Қазақстанның әнұраны үш рет шырқалды, деп хабарлайды.zakon.kz
Әуелі Қазақстан спортшылары Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин мәреге бірінші болып жеткен ерлер арасындағы эстафетада үздік шықты. Олар 3:09.15 нәтижемен ел рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды. Екінші орында Катар құрамасы (3:09,26), үшінші орында Тәжікстан құрамасы (3:34,45).
Одан әрі эстафетадағы жігіттердің бастамасын Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева және Элина Михина төріндегі қыздарымыз қолдады. Бұл жарыста 3:44.21 нәтижемен төрттікке тең келер ешкім болмады, осылайша олар Азия турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстандық Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден тағы бір мәртебелі марапатқа ие болды. Ол қысқа спринтте 7,65 секундта жүгірді. Сонымен қатар Астанада өткен турнирде ерлер арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіруден Қазақстан өкілі Шедрак Кимутай үшінші орынды иеленді.
Жалпы алғанда Азия чемпионатының соңғы сағаттарына қарай турнир қожайындары өздерінің қоржынына жоғары сапалы алты медальді жинады. Бұдан бөлек Қазақстанда тағы екі «күміс» және екі «қола» бар.
13 ақпан 2023 ж. 872 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 153

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 132

Сәтімен өткен сенбілік

05 тамыз 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031