Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда Батыс Ніл вирусынан 10 адам көз жұмды

Италияда Батыс Ніл вирусынан 10 адам көз жұмды

Фото: freepik
Италияда Батыс Ніл вирусынан 93 жастағы әйелдің қайтыс болуы елдегі оныншы өлім ретінде тіркелді. Бұл жағдай Римдегі Спалланзани институтында орын алған. Бұған дейін Салерно, Касерта және Латина қалаларында 70-тен асқан бірнеше науқас көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы 24-30 шілде аралығында Италияда вирус жұқтырудың 57 жаңа жағдайы анықталған. Жалпы 89 жағдай тіркеліп, оның 40-ы – жүйке жүйесін зақымдаған ауыр формада. Қауіпті індет әсіресе Лацио мен Кампания аймақтарында өршіп тұр.

Италияда вирус адамға негізінен маса шағу арқылы жұғады. Белгілері көбіне байқалмайды немесе жеңіл өтеді, бірақ кейде ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Еуропаның бес елінде (Италия, Грекия, Румыния, Болгария, Франция) инфекция таралып жатыр.

Батыс Ніл вирусына қарсы вакцина жоқ. Дәрігерлер тұрғындарға масадан қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.
03 тамыз 2025 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930