Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 2,7 млн га алаңда шегірткеге қарсы күрес жүргізілді

Биыл елімізде 2,7 млн га алаңда шегірткеге қарсы күрес жүргізілді

Фото: pixabay.com
Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, қазір еліміздің барлық өңірінде өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 
«Күрес шараларын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында, аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін барлық өңірде облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі орынбасарлары басқаратын жедел штабтар, әр аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылды. Арнайы жол картасы әзірленді», - деді спикер. 
Жалпы, биылғы зерттеу жұмыстарына 3652 адам тартылды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі есеге артық. Зерттеушілер санының артуы мониторинг жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік берді. Зерттеу шараларына 7 агродрондар сатып алынып жұмылдырылды. Өңдеу жұмыстарына 443 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, атап айтқанда, шегірткелермен күресуге 239 жер үсті бүріккіш техникасы, 100 газогенератор, 24 жеңіл ұшақ, 31 аса жеңіл ұшақтар және өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен 49 агродрон қолданылды.
01 тамыз 2025 ж. 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031