Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 тамыздан бастап елімізде не өзгереді

1 тамыздан бастап елімізде не өзгереді

Тамыз айында қазақстандықтарды бірқатар маңызды өзгеріс күтіп тұр.
Коллаж: Kazinform/FreepikҰлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі басталады
1–31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтеді.
Осы кезеңде барлық қатысушы sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта сауалнамадан өте алады. Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа иелері екі түрлі сауалнамаға жауап береді.
Берілген ақпарат қатаң құпия және «Мемлекеттік статистика туралы» заңмен қорғалған, салық немесе өзге де органдарға берілмейді.
Санақ аясында шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы ұйымы мен 2 млн үй шаруашылығы қамтылады деп отыр.
Фото: ҚР АШМАҚШ Қазақстаннан жеткізілетін импортқа 25% баж салығын енгізеді
1 тамыздан бастап АҚШ Қазақстаннан жеткізілетін барлық импорт тауарға 25% көлемінде баж салығын енгізетін болды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп шілдеде Truth Social желісінде жарияланған хатында мәлімдеді.
Хатта Трамп Қазақстанмен сауда қатынастың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Сонымен қатар, егер қазақстандық компаниялар АҚШ аумағында өндіріс ашса, оларға баж салығы салынбайтынын жеткізді.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігіЭлектр энергиясы тарифі өзгереді
Энергетика министрінің міндетін атқарушы 29 шілдеде «Электр энергиясына шекті тарифті бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіретін компаниялардың тарифі келесідей өзгереді:
Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС — тариф 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін көтеріледі (1 кВт/сағ үшін).
Ақтөбе ЖЭО — 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін.
«Жайыктеплоэнерго» АҚ — 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» — 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін.
«Кристалл Менеджмент» АҚ — 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС — 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін.
«З-Энергоорталық» — 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін.
«Қызылордажылуэлектроорталығы» — 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.
«Батыс Пауэр» ЖШС — 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС — 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін.
«OzenMunaiProm» ЖШС — 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін.
ТНК «Қазхром» АҚ — 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін.
«ССГПО» АҚ — 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін.
Сондай-ақ электр энергиясын өндіруші ұйымдардың 63-тобына арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Кезекті ҰБТ өтеді
10–14 тамыз аралығында негізгі ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған талапкерлер тесті қайта тапсырып, ақылы негізде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алады. Тестілеу орны, күні мен уақытын таңдау талапкердің еркінде.
Тамыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуге келесі санаттағы талапкерлер қатыса алады:
Мектеп пен колледж түлектері (биылғы және алдыңғы жылғы түлектер)
Шетелде оқыған түлектер
Қандастар
Шығармашылық мамандықтан басқа бағытқа ауысқысы келетін студенттер
Басқа мамандықтан педагогикалық бағытқа ауысқысы келетін студенттер
ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер.

Фото: Солтан Жексенбеков/KazinformАлматы – Минск бағытында әуе рейсі ашылады 
10 тамыздан бастап «Алматы – Минск – Алматы» бағытында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Ұшақтар әр сәрсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. Әуе маршруты іскерлік және туристік сапарлар үшін жаңа мүмкіндік ұсынғалы отыр.
Коллаж: Kazinform/ GettyДженнифер Лопес Астана мен Алматыда өнер көрсетеді 
1 тамызда «Астана Арена» стадионында әйгілі әнші Дженнифер Лопес жеке концерт береді. Сол күні қаланың кейбір көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі.
Екінші концерт 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Алдын ала дерек бойынша, екі концерттің нәтижесінде мемлекет бюджетіне 400 млн теңгеге дейін салық түседі.

Қазақтелеком тариф шартын жаңартады
«Қазақтелеком» АҚ мобильді байланыс тариф шарттарын қайта қарайтынынын хабарлады. Аталған өзгерістер «Мобайл Телеком-Сервис» арқылы ұсынылатын «Практичный», «Базовый», «Керемет 2» тарифтеріне қатысты.

ChatGPT ақысы қымбаттайды
1 тамыздан бастап OpenAI қазақстандық пайдаланушылар үшін қосылған құн салығы мөлшерін жазылым құнына енгізеді.
Сәйкесінше, ChatGPT Plus тарифі $20-дан $22,40-қа дейін қымбаттайды (12% ҚҚС есебімен).
OpenAI нақтылағандай, Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің аталған салықты төлемеу мүмкіндігі бар. Ол үшін 2025 жылғы 1 тамызға дейін аккаунттың салық деректері бөлімінде бизнес сәйкестендірілген нөмірін көрсету қажет. Әйтпесе, салықты жеке тұлға ретінде төлеуге міндеттеледі.
Фото: gov.kz
30 тамыз – Конституция күні 
Биыл ата заңға 30 жыл. Мемлекеттік мереке сенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс 1 қыркүйек, яғни дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күні үш күн қатарынан демалады.

01 тамыз 2025 ж. 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031