Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемді 6 минут қараңғылық басатыны рас па

Әлемді 6 минут қараңғылық басатыны рас па

Фото: istockphoto
Интернетте 2 тамызда бүкіл әлемді 6 минут қараңғылық басады деген ақпарат тарады. Мұндай құбылыс тағы 100 жыл бойы қайталанбайды деген де болжам бар. Бұл хабарлама шындыққа біршама жақын болғанымен, кей тұстары нақты ғылыми дерекпен сәйкес келмейді, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2027 жылғы 2 тамыз – астрономия тарихындағы ерекше күн болмақ. Бұл күні XXI ғасырдағы ең ұзақ толық күн тұтылуы тіркеледі.

Астрономдардың есебі бойынша, Ай Күнді толық жабатын кезең 6 минут 22 секундқа созылады. Бұл – Жерден бақылауға болатын ең ұзақ түнек сәттерінің бірі.

Салыстырсақ, 2024 жылғы сәуірде Солтүстік Америкада өткен толық күн тұтылуы ең ұзақ дегенде 4 минут 28 секундқа ғана жеткен еді.

Тұтылудың толық фазасы 258 шақырымдық жіңішке жолақпен өтеді. Бұл жолақ Испанияның оңтүстігінен басталып, Гибралтар, Солтүстік Африка елдері – Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр арқылы өтіп, Таяу Шығысқа – Сауд Арабиясы, Йеменге, әрі қарай Сомали мен Судан аумағына жетеді. Осы 11 елдің тұрғындары аспан нұрының көзден таса болған сәтін толықтай тамашалай алады.


31 шілде 2025 ж. 149 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031