Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілде айының соңғы күнінде елімізде күн райы қандай болады

Шілде айының соңғы күнінде елімізде күн райы қандай болады

Бүкіл Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан Қазақстан аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта нөсер жаңбыр болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп болжануда, – деп жазды "Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ, синоптиктер атап өткендей, елімізде жел екпін алып, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Атырау өңірінде, Батыс Қазақстан облысының батыста, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады деп күтіледі. Сынап бағаны +35°C дейін көтерілуі мүмкін, – деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Сонымен қатар мына өңірлерде қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі:
  • жоғары өрт қаупі – Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында.

31 шілде 2025 ж. 244 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031