Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, теміржолшыларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен және № 60 Қазалы жол дистанциясының ұжымын 120 жылдық мерейтойымен құттықтады.
-Қазалы ауданының теміржол саласының тарихы тым тереңде жатыр. Ел экономикасының «күре тамыры» саналатын бұл саланың стратегиялық маңызы, ел алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ел тарихындағы бұл алғашқы темір жолдың аудан үстінен қиып өтетіні қазалылықтар үшін де зор мәртебе. 1905 жылдан бастап теміржол бойында жұмыс жасап келе жатқан іргелі мекеме №60-шы Қазалы жол дистанциясының құрылғанына биыл 120 жыл толып отыр. Бүгінде 
Қазалы жол дистанциясы Аралқұм станциясынан Жалағаш ауданындағы Қаракеткен станциясына дейінгі аралықта теміржолдарға күнделікті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай, еселі еңбектің көркін қыздырып, ел экономикасын еселеуге үлкен үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз, - деді Жалғас Оңғарұлы.

Мерекелік шара барысында Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары марапат төрінен көрініп, оларға облыс әкімінің және аудан әкімінің міндетін атқарушының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының «Алғыс хаттары» табысталды. Сондай-ақ №60-шы Қазалы жол дистанциясының зейнеткері Марат Ахметуллаевқа Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен бірқатар мекеме қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Мұнан соң Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов сөз сөйлеп, №60-шы Қазалы жол дистанциясының 120 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары теміржолшыларға әсем ән мен керемет қойылымдарын арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.