Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектепке дайындыққа көмек қалай алынады және оны басқаға жұмсауға бола ма – Министрлік жауабы

Қазақстанда мектепке дайындыққа көмек қалай алынады және оны басқаға жұмсауға бола ма – Министрлік жауабы

Фото: freepik.com

Жыл сайын жаңа оқу жылы басталар алдында (1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында) мектеп оқушыларының ата-аналарына "Баршаға міндетті білім беру" қорының қаражатынан және "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы күнкөріс деңгейі қандай және қазақстандықтардың қай санаты "Мектепке жол" акциясына қатыса алатыны айтылған. Көмек атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындарға, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасыларға, төтенше жағдайға тап болғандарға және жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Қаржылай көмек мөлшері заңнамаға сәйкес "күнкөріс минимумынан төмен болмауы тиіс" деп көрсетілген.
2025 жылғы маусым айындағы күнкөріс минимумының мөлшері:

• Қазақстан бойынша орташа – 58 655 теңге
• Астана қаласы – 58 874 теңге
• Алматы қаласы – 58 202 теңге
• Шымкент қаласы – 54 569 теңге
• Ең жоғарысы – Маңғыстау облысында – 63 744 теңге

Алайда әр өңір жергілікті бюджетке байланысты төлем мөлшерін өз бетінше белгілей алады. Мысалы, өткен оқу жылында мемлекет орта есеппен 43 400 теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Ақшалай көмекті қалай алуға болады?

Мектеп әкімшілігіне немесе жергілікті білім бөлімдеріне өтініш жазу қажет.

Қажетті құжаттар:
• жеке куәлік көшірмесі;
• баланың туу туралы куәлігі;
• атаулы әлеуметтік көмек алатыны туралы анықтама (немесе отбасының табысын растайтын құжаттар).

Қаражат арнайы ата-ананың банк картасына аударылады. Бұл қаражат баланы мектепке дайындауға, яғни киім, аяқ киім, кеңсе тауарларын сатып алуға арналған. Бірақ бұл мақсатты көмек болғандықтан, оны басқа мақсаттарға (мысалы, азық-түлікке, несиені жабуға) жұмсауға рұқсат етілмейді.

Қосымша көмек қайдан алуға болады?

Мемлекеттік көмектен бөлек, ата-аналар www.atamekenim.kz порталы арқылы өтініш қалдыра алады. Бұл платформада демеушілер мен меценаттар көмектесуге ақшалай немесе заттай көмектесуге ниет білдіреді (киім-кешек, рюкзак, кеңсе тауарлары).

2024 жылы Алматыда 8 500 балаға дайын рюкзактар таратылған. Мемлекеттік көмекке тек әлеуметтік осал топтар ғана үміткер бола алады. Көмек бір реттік және мектепке дайындыққа ғана арналған. Күнкөріс минимумына байланысты төлем әр өңірде әртүрлі.

Қосымша қолдауға демеушілер мен қоғамдық ұйымдар арқылы жүгінуге болады.

Мектепке дайындық үшін көмек алу қайда және қалай жүзеге асады?

Мемлекеттік материалдық көмекті алу үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі төмендегі тәсілдердің бірін қолдана алады.

Мемлекеттік қолдауға өтініш беру жолдары:
• электрондық үкімет порталы арқылы – egov.kz;
• немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тікелей барып.

"Мектепке жол" акциясына қатысу үшін:
• Баланың оқитын мектебіне немесе білім беру ұйымына өтініш жазу керек.
• Бұл өтініште баланың әлеуметтік жағдайы, қажеттілігі көрсетіледі.

Қосымша көмек қайдан алуға болады?
• Ата-аналар www.atamekenim.kz порталында орналасқан арнайы "Мектепке жол" платформасы арқылы жеке өтініш қалдыра алады. Бұл өтініштерге демеушілер мен меценаттар жауап береді.

Өтініш беру қадамдары:

• Сайтқа кіріңіз: www.atamekenim.kz
• "Мектепке жол" бөлімін таңдаңыз;
• "Өтініш беру" батырмасын басып, қажетті ақпаратты толтырыңыз.

Бұл платформа жыл бойы жұмыс істейді – өтінішті кез келген уақытта қалдыруға болады. Жіберілген өтініштер Ұлттық білім беру дерекқорымен тексеріледі (верификациядан өтеді). Осыдан кейін нақты көмек көрсетіледі.

Мектепке берілетін жәрдемақыны басқа мақсатқа жұмсауға бола ма?

Жоқ, болмайды. Аталған қаржы мақсатты көмек және тек баланы мектепке дайындау үшін бөлінеді. Бұл арнайы тағайындалған бюджет қаржысы.

Қаражат төмендегі заттарға жұмсалуға тиіс:
• мектеп формасы;
• аяқ киім;
• кеңсе тауарлары.

Көмекті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына келесі дәлел құжаттарды тапсыру қажет:
• сатып алынған заттарға түбіртектер мен чек;
• фотоесеп (сатып алынған заттармен бірге баланың суреті).

Мақсатсыз жұмсалғаны анықталса, ата-ана жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қандай құжаттар қажет және АӘК алушыларға жеңілдік бар ма?

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін мектепке көмек алу тәртібі жеңілдетілген. Оларға ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ – тек eGov.kz порталы немесе жұмыспен қамту орталығы арқылы АӘК-ке өтініш беру жеткілікті. Бұл отбасы автоматты түрде әлеуметтік осал санатына кіреді.

Ал басқа отбасылар (мысалы, АӘК алмайтындар) мектепке көмек алу үшін келесі қадамдарды орындауы тиіс:

Мектепке өтініш тапсырып, құжаттарды қоса беру:

• Отбасы табысы туралы мәліметтер (жұмыс орнынан анықтама, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және т.б.);
Жан басына шаққандағы табыстың жергілікті мәслихат белгілеген күнкөріс минимумынан төмен екенін растайтын құжат.

Ерекше санаттағы балалар үшін:
• Жетімдер және қамқоршылықтағы балалар – қамқоршы немесе патронат туралы қаулы (постановление);

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер – жергілікті комиссияның көмекті тағайындау жөніндегі хаттамасы (протокол). Егер отбасы осы бес әлеуметтік санаттың ешқайсысына жатпаса, онда олар көмекке тек демеушілер мен меценаттар есебінен – "Мектепке жол" акциясы аясында ғана ие бола алады.

Мектепке көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкін бе?

Иә, кейбір жағдайларда көмек берілмейді:

• Жалған ақпарат беру, құжаттарды бұрмалау;
• Отбасының табысы күнкөріс минимумынан жоғары екені анықталған жағдайда бұл материалдық жағдайды зерттеу қорытындысы бойынша шығарылған коллегиялық шешіммен расталады.

"Әлеуметтік әмиян" арқылы мектеп көмегін алуға бола ма?

"Әлеуметтік әмиян" – бұл eGov Mobile қосымшасына енгізілген, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді алу үшін жасалған цифрлық қызмет.

• Бұл жүйені АӘК алушылар пайдалана алады.
• Алайда, қазіргі уақытта "Әлеуметтік әмиянда" тек ақшалай емес (натуральды) көмек түрлері ғана іске қосылған.
• Сол себепті, мектепке дайындыққа арналған қаржылай көмекті дәл осы платформадан алуға болмайды.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатынын жаздық. "Білім туралы" заңға сәйкес балалар 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады. Осы ретте оқу-ағарту министрлігі құжаттарды мемлекеттік egov.kz электронды үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада тапсыруға болатынын ескерткен еді. Сол күні eGov порталында мектепке құжат тапсырушылардың көптігінен уақытша ақау болып, жүйе тек 15:00-де қалпына келтірілген.
30 шілде 2025 ж. 248 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031