Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байыпты бақылау – нақты нәтиже кепілі

Байыпты бақылау – нақты нәтиже кепілі

Халық денсаулығын нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Саланың материалдық-техникалық жағдайын нығайту мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Осы бағытта биыл аудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына жаспарлас 42 төсектік қосымша құрылыс жұмысы бастау алған болатын. Жуырда Жалғас Сүйеубаев аталған құрылыс басына барып, жұмыс жайын көзбен көрді.
Бақылау барысында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы мердігер мекеме “СМП-Қызылорда” ЖШС директоры Темірхан Әлімқұловқа құрылыстың сапасына қатты мән беріп, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуді тапсырды.
– Жаңа орталықтың ашылуы – тек заманауи ғимараттар ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың жұмысына жағдай жасау және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған кешенді қадам. Сондықтан жұмыс сапасын арттыруға жұмыс жасап, нысан құрылысын уақытында тапсыруды басты назарда ұстауымыз қажет, – дейді ол.
Құрылысы жүріп жатқан кардиология және инсульт орталығы МРТ және КТ аппараттарымен, сондай-ақ сараптамалық кластағы жабдықтармен жабдықталмақ. Енгізілетін соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етпек.
Айта кетейік, жұртшылыққа жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталық жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
А. ЖҮСІПОВА

29 шілде 2025 ж. 289 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031