Қазалы ауданында білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылды

Бүгінде аудан мұғалімдерінің ерен еңбегі мен кәсіби ынтасы өз нәтижесін беріп келеді. Өткен оқу жылында 9-сыныпты 1546 оқушы, 11-сыныпты 944 оқушы бітірді. «Үздік аттестат» иегерлері саны 9-сыныптан 220, 11-сыныптан 103 оқушы болса, 100 оқушы «Алтын белгі» алды. Мамыр-шілде аралығындағы ҰБТ-ге 11 сыныпты бітірген 944 оқушының 859–і (91%) қатысты. ҰБТ қортындысы бойынша Қазалы ауданының орташа балы 83 балды құрады (2023-2024 оқу жылы -83 бал). Мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау ауданымызда а.ж. 13-17 шілде аралығында №249 мектеп-лицей базасында жүргізілді. Конкурсқа 849 түлек құжат тапсырды.
Бұдан бөлек, бүгінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында да аудандағы барлық білім ошақтарында жазғы күндізгі лагерлер, үйірмелер жұмыс жасауда. Сонымен қатар маусым айынан бастап Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы да өз жұмысын бастады. Демалыс лагері биыл жылдағы дәстүрге сай жазғы маусымда 7 ауысым ұйымдастырып, әр ауысым бойынша 125 оқушыдан, барлығы 900-ге жуық баланы қабылдауда.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да аудан көлемінде тиісті органдармен бірлескен түрде «Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және суға түсу маусымы кезеңінде тұрғындар мен балалардың қауіпсізідігін қаматамасыз ету мақсатында күнделікті барлық қала, кент, ауылдық округтерде түнгі және күндізгі рейд жұмыстары мен түрлі іс-шаралар үздіксіз жүргізілуде.