Журналистикадағы жасанды интеллект және медиа этика

Түркітілдес журналистер қорының Halyk bank серіктестігінде Орал, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы шеңберіндегі «Журналистикадағы жасанды интеллект және медиа этика» тақырыбындағы семинар-тренинг барысында Halyk Bank-тің облыстардағы басшылары қазақ журналистерге Банктің жаңа өнімдері туралы айтты.
Әрбір Қазақстан азаматы балаларға арналған Halyk Easy картасымен төлем жасап, 2025 жылдың 31 тамызына дейін апта сайын — смартфондар (iPhone 16) мен ноутбуктар (MacBooK 13.6) ұтып алуға болады. Бас жүлде — 6 жеңімпаз әрқайсысы бір ата-анасымен бірге ғажап саяхатқа аттанады.
Апта сайын өткізілетін жүлделер ұтыс ойынының шарттары:
— Halyk Easy картасының болуы;
— Halyk қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу;
— Бонустармен төлеуді есепке алмағанда, бір апта ішінде 100 теңгеден кем болмайтын сомаға кемінде 1 транзакция жасау.
Транзакция ретінде мыналар есепке алынады: банктің мобильді қосымшасында жасалған төлемдер; картаны, QR немесе жанасусыз төлемді (Apple/Google/Garmin/Samsung Pay) пайдалана отырып Halyk POS желісі арқылы жасалған сауда.
Halyk Easy арқылы жасалған сауда мен төлемдер неғұрлым көп болса, соғұрлым ұтып алу мүмкіндігі артады.
Париж қаласына саяхаттау мүмкіндігі ойнатылатын ұтыс ойынының шарттары:
— Halyk Easy картасының болуы;
— Halyk қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу;
— Бонустармен төлеуді есепке алмағанда, науқан кезеңінде 100 теңгеден басталатын сомаға кемінде 1 транзакция** жасау.
Транзакция ретінде мыналар есепке алынады: банктің мобильді қосымшасында жасалған төлемдер; картаны, QR немесе жанасусыз төлемді (Apple/Google/Garmin/Samsung Pay) пайдалана отырып Halyk POS желісі арқылы жасалған сауда.
Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған.
Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды. Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank-пен бірге 20″7 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.