Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда газ өндірісі 3,1 пайызға төмендеді

Өзбекстанда газ өндірісі 3,1 пайызға төмендеді

Қаңтар-маусым аралығында Өзбекстанда өндірілген газ 3,1%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Фото: Pexels
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, жарты жылда Өзбекстанның ірі кәсіпорындары 21,7 млрд текше метр газ өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 млн текше метрге аз. Бұған қарамастан ресми Ташкент шет мемлекеттерге көгілдір отын экспортын екі есе арттырып, табыс көлемін 355 млн долларға жеткізді.

Газдың көлемі төмендегенімен, көршілес ел көмір өндірісін арттырды. Атап айтқанда, өзбекстандық шахтерлер алты айда 3 млн тоннадан астам қатты отын қазып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 400 мың тоннаға артық.

Еске салайық, былтыр Өзбекстан газ импортын арттырды. Яғни, 2024 жылы шет елдерден көгілдір отынды сатып алуға ресми Ташкент 1,6 млрд доллардан астам қаражат бағыттады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Көгілдір отын өндірісін ұлғайту мақсатында аталған ел үкіметі биыл 15 учаскеде геологиялық барлау жүргізбек.


25 шілде 2025 ж. 284 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031