Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 2 млрд 456 млн теңгеден астам айыппұлдың 81,9%-ы өндірілді

Қызылорда облысында 2 млрд 456 млн теңгеден астам айыппұлдың 81,9%-ы өндірілді

Қызылорда облысында айыппұл өндіру бағытында үш күнге созылған «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.
Фото: Kazinform
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 16-18 шілде күндері жеке сот орындаушылардың араласуымен 116 әкімшілік қаулы бойынша 3,5 млн теңгеден астам айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді. Сонымен қатар мобильді топтар құрылып, «Ekin Patrol» мобильді кешенінің көмегімен облыс орталығында 17 автокөлік иесінен 1,5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

– Өңірде арнайы құрылғылар мен мобильді кешендер арқылы 68 586 құқықбұзушылық анықталып, кінәлілерге 952,5 млн теңге айыппұл салынса, соның 86,2%-ы өндірілді. Ал жол қозғалысын бақылау жүйесі жалған мемлекеттік белгі таққан, сақтандыру шарты туралы мәліметі болмаған 7580 құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді. Көлік иелеріне 239 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал облыс көлемінде құқық бұзушыларға салынған 2 млрд 456 млн теңгеден астам айыппұлдың 81,9%-ы өндірілді, - деді департаменттің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров. 

Осы орайда тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын көлік басқару барысында жол ережелерін бұзбауға және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұл салынған жағдайда оны дер кезінде қысқартылған негізде төлеуге шақырады.

Қызылордада жылдамдықты бақылауға арналған «көзге көрінбейтін» камералардың пайда болғаны туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. 

21 шілде 2025 ж. 335 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031