Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық компания 2 миллион долларды елден заңсыз шығарған

Қазақстандық компания 2 миллион долларды елден заңсыз шығарған

Фото: pixabay.com
Компаниялардың бірі 2 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, "Т" ЖШС шетелдік компаниямен құны 6 млн доллар болатын тауар жеткізуге келісімшарт жасасқан. Алайда елімізге 3,7 миллион доллардың ғана тауары әкелінген. Қадағалаушы орган өкілдері 2 миллион доллардан астам сома келісімшарт міндеттемелерін орындау желеуімен шетелге аударылғанын айтады.
"Компания соманы қайтару бойынша ешқандай шара қолданбаған, ал салық органы репатриация талаптарының орындалмауын қамтамасыз етпеген", – делінген прокуратура хабарламасында.
Осыған байланысты прокуратура Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Ұлттық валютаны және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғады.
Қонаев қалалық сотының шешімімен "Т" ЖШС-ға 239 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.
18 шілде 2025 ж. 298 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31