Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » eGov цифрлық экожүйесі уақытша тоқтатылады: қазақстандықтар алдын ала не істеуі керек

eGov цифрлық экожүйесі уақытша тоқтатылады: қазақстандықтар алдын ала не істеуі керек

Фото: pixabay.com
Қазақстан тұрғындарына компания қолдау көрсететін жобалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарланған техникалық жұмыстар туралы ескертілді. Жұмыс "ҰАТ" АҚ жобаларының барлық цифрлық экожүйесінің қолжетімділігіне әсер етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Техникалық жұмыстар 19 шілде сағат 02:00-ден сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі.Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
"ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Жұмысты бастамас бұрын қазақстандықтарға маңызды ұсыныс берілді.Осыған байланысты, "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.
"ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі
Бұған дейін 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс екенін хабарлаған болатынбыз. Мұны онлайн – eGov.kz порталы арқылы және eGov Mobile мобильді қосымшасында жасауға болады.
18 шілде 2025 ж. 409 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031