Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 43 градус ыстық болады

Елімізде 43 градус ыстық болады

Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» РМК 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 18 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады. Орал қ.: 18 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күннің екінші жартысында шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 18 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 18 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 18 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 18 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 18 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілде 2025 ж. 183 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031