43°C ыстық болады, бұршақ жауады: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Атырауда 18 шілдеде түнде найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 18 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 18 шілдеде түнде найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Жезқазғанда 18 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 18 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 18 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сакталады. Оралда 18 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күннің екінші жартысында шаңды дауыл тұрып, найзағай жарқылдап, бұршақ түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады.. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыс бойынша найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ болады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.