Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы азайып келеді

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы азайып келеді

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы азайып келеді. 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлер жетіспеушілігі 20%-ға, орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға қысқарды.
ФОТО: ЖИ
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елдегі дәрігерлермен және орта медицина персоналымен қамтамасыз ету деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі.

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 түлек бітіреді деп жоспарланып отыр. Олардың үштен екісі өңірлерге жолданып, жергілікті медициналық мекемелерге жұмысқа орналасады.

Кадр тапшылығын азайту мақсатында бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда. Атап айтқанда, тапшылығы бар мамандықтар бойынша ауылдық жерлерге 5 жылдан астам мерзімге барған 254 дәрігерге жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы берілді.

Сондай-ақ, медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы орта есеппен 20%-ға ұлғайтылды. Өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, бакалавриат пен резидентураға 5 мыңнан астам грант бөлінді.

Резидентура аясында педиатрия бағыты мен балаларға арналған 14 жаңа мамандық енгізілді. Бұл шаралар білікті кадрлар тапшылығын азайтуға септігін тигізеді.
16 шілде 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031