Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тарифтердің өсуі жалғасады - премьер-министр Бектенов

Қазақстанда тарифтердің өсуі жалғасады - премьер-министр Бектенов

Фото:depositphotos.com
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі тоқтаған жоқ және ол жалғасады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін ҚР Үкіметінде премьер-министр Бектеновтың қатысуымен Министрлер кабинеті басшылығының брифингі өтіп жатыр.
ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП АЛЫҢЫЗ
"Үкімет инфляциямен күресу үшін кейбір коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу мерзімдерін кейінге шегерді. Алайда қазақстандықтар жаңа Салық кодексі бағаға қалай әсер ететініне көбірек алаңдайды. Бұл құжат инфляцияны одан сайын күшейтіп, шағын және орта бизнесті тұншықтырмай ма?", – деп сұралды Бектеновтен.
Премьер бұл сұрақ "халықты қатты алаңдататынын" айтты.
"Тарифтерге келетін болсақ, олардың өсімі тоқтатылды дедіңіз. Шындығында, бұл олай емес. Тарифтердің өсімі тоқтатылған жоқ. Бүгінгі мүмкіндікті, осы платформаны пайдалана отырып, тарифтердің өсуі жалғасады деп айтқым келеді. Бұл ауыр, жағымсыз мәселе, бірақ үкімет бұл туралы ашық айтып, тарифтерді нарыққа жеткізу саясатын жүргізіп жатыр", - деді ол.
Оның айтуынша, тарифтер өте ұзақ уақыт бойы шектен тыс реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция салуға мүлде мүмкіндік бермеген. Бұл жағдай 2022-2023 жылдары Екібастұз, Риддер және басқа да қалаларда апаттар болған жағдайға әкелді.
"Қыста үйде жылу, электр, су, басқа да инженерлік желілер жақсы жұмыс істесін десек, тарифтерді көтеру жолына түсеміз. Тарифтерді көтеру қадамын аздап қайта қарадық. Бірақ жалпы алғанда бұл саясат жалғаса береді", - деді Бектенов.

15 шілде 2025 ж. 253 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031