Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады – «Қазгидромет» ескерту жасады

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады – «Қазгидромет» ескерту жасады

11 шілдеде Оралда, Ақтөбеде және Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады – «Қазгидромет» ескерту жасадыФото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, 11 шілдеде еліміздің үш қаласында ауада зиянды заттардың шамадан тыс шоғырлануы күтіліп отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай қолайсыз метеорологиялық факторлармен байланысты. Атап айтқанда, зиянды бөлшектер төменгі ауа қабатында жиналып, ауа қозғалысының әлсіздігіне байланысты таралмайды.
«11 шілде күні Орал, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеожағдай деген не және ол неге қауіпті?

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл ауа ластануының таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Олар:
  • тымық ауа;
  • баяу соғатын жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия (жылы ауа қабаты суық ауаның үстінде орналасқанда)
Мұндай құбылыстар нәтижесінде ластаушы заттар ауада қалып қояды, бұл өз кезегінде тұрғындар денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

Ауаның ластануы кімдерге қауіп төндіреді?

Ауаның уақытша нашарлауы мына санаттағы тұрғындарға қауіпті:
  • балалар мен қарттарға;
  • жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі сырқаттары бар адамдарға;
  • жүкті әйелдерге.



11 шілде 2025 ж. 282 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031