Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет» ескерту жасады

Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет» ескерту жасады

Мұндай жағдайларда ауадағы зиянды заттар сейілмей, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді
Фото: pixabay.com
Еліміздің төрт қаласында атмосферада ластаушы заттар жоғары деңгейде шоғырланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ластаушы заттардың жиналуына не себеп?
Синоптиктердің айтуынша, бұл жағдай қолайсыз метеожағдайлармен (ҚМЖ) байланысты. Мұндай кезде зиянды қоспалар жер бетіне жақын ауа қабатында жиналып, ұзақ уақыт бойы тарамай тұрып қалады.

«10 маусым күні қолайсыз метеожағдайлар күндіз Ақтөбе қаласында, ал Қостанай, Атырау және Астана қалаларында түнгі уақытта күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) деген не?
ҚМЖ – бұл атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:

Тымық;
баяу жел;
тұман;
температуралық инверсия (жер бетіндегі суық ауаның үстін жылы ауа қабаты басып тұруы).
Мұндай жағдайларда ауадағы зиянды заттар сейілмей, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді. Әсіресе бұл құбылыс өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз құрылысты аудандарда айқын байқалады.

Тұрғындар не істеуі керек?
Мамандар ҚМЖ кезінде мынандай кеңес береді;

ашық ауада ұзақ жүрмеу;
терезелерді жабық ұстау;
физикалық белсенділікті шектеу;
тыныс алу жолдарын қорғайтын маска қолдану.
10 маусым 2025 ж. 280 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930