Найзағай ойнап, күн райы бұзылады: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 10 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 10 шілдеде таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Өңір орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Көкшетауда 10 шілдеде түнде және таңертең тұман болады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, облыстың орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 10 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 10 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 10 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыс бойынша да найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 10 шілдеде түнде және таңертең тұман болады.
Астанада 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-41 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 10 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Оралда 10 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 10 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Айта кетейік, шілде биыл Батыс Еуропа тарихындағы ең ыстық ай болды.