Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инклюзивті қоғамға бір қадам: қант диабеті бар жаңа Барби шықты

Инклюзивті қоғамға бір қадам: қант диабеті бар жаңа Барби шықты

9 шілде күні Mattel компаниясы Barbie Fashionistas инклюзивті топтамасынан жаңа қуыршақты — 1-типтегі қант диабеті бар Барбиді таныстырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Фото: shop.mattel.com
Жаңа қуыршақтың басты ерекшелігі — қант диабетімен өмір сүретін адамдар қолданатын медициналық құрылғылардың болуы: инсулин помпасы, қант деңгейін үздіксіз бақылау жүйесі (CGM) және Барбидің фирмалық белгісі — қызғылт жүрекше түріндегі арнайы медициналық бекіткіш. Қуыршақтың қолында қандағы қант деңгейін бақылауға арналған қосымшасы бар смартфон бар.

Компания өкілдерінің айтуынша, нүктелі көйлек киген Барби қант диабетінен хабар береді. Бұл — аурудың халықаралық белгісі болып табылатын шеңбер мен оның символына айналған көк түстің үйлесімі.

— 1-типтегі қант диабеті бар алғашқы Барби қуыршағымен танысыңыздар! Біз бұл қуыршақты осы қауымдастыққа арнап жасау үшін Breakthrough T1D (бұрынғы JDRF) ұйымымен серіктестік орнаттық, — делінген өнімнің ресми сипаттамасында.

Жаңа Барби — 2019 жылдан бері дамып келе жатқан Barbie Fashionistas топтамасының жалғасы. Бұл топтамада сонымен қатар Дауна синдромы бар қуыршақтар, мүгедектер арбасындағы қуыршақтар, ақ таяқшамен жүрген зағип қуыршақтар, сондай-ақ түрлі тері реңктері, дене пішіндері және шаш текстурасы бар қуыршақтар бар.

Fashionistas топтамасы балаларға әртүрлі жарқын образдарды ұсынуға және өзін-өзі көрсетуге, өзін қабылдауға, өзгелерге құрметпен қарауға шабыт беруге бағытталған. Қуыршақтар 3 жастан бастап балаларға арналған және шектеулі тиражбен шығарылады. Әр қуыршақ жеке сатылады.

Еске сала кетейік, кейінгі күндері Қытайдың танымал ойыншық бренді Labubu-ға байланысты жаңалықтар әлеуметтік желілерде ғана емес, қаржы нарығында да қызу талқыға түсті. Қоғамда үлкен қызығушылық тудырған бұл брендтің айналасындағы жағдай күрт өзгеріп, оған қатысты акциялар бағасы күрт құлдырады.


10 шілде 2025 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031