Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді отбасын құрған қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз кредит ала алмайды

Енді отбасын құрған қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз кредит ала алмайды

Мұндай келісімді банк талап етеді
Енді отбасын құрған қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз кредит ала алмайды
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда ерлі-зайыптылар банктен немесе микроқаржы ұйымынан сомасы 1 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын несие рәсімдемес бұрын алдымен жұбайының келісімін алуы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл 1 000 АЕК 3 млн 932 мың теңгеге тең.
«Қаулы жобасы банктердің және микроқаржы ұйымдарының 1000 АЕК және одан асатын сомада кепілсіз тұтынушылық банк қарызын (микрокредит) беру үшін жеке тұлғаның жұбайының келісімін алуын, сондай-ақ мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды көздейді», - делінген құжатта.
Егер жеке тұлға банкке қосалқы қарыз алушы ретінде жүгінсе немесе кредит ішкі қайта қаржыландыруға жатса онда жұбайының келісімі талап етілмейді.
Қаулы жобасы 23 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.



08 шілде 2025 ж. 346 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930