Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық фермерлер малдың жағдайын онлайн бақылай алады

Қазақстандық фермерлер малдың жағдайын онлайн бақылай алады

Қазір бұл жүйе үш өңірде табысты жұмыс істеп тұр
Қазақстандық фермерлер малдың жағдайын онлайн бақылай алады
Фото: istockphoto.com/Georgijevic
Қазақстандық шаруалар мен аграрлық компаниялар малдың жай-күйін онлайн бақылай алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, агроөнеркəсіп кешені саласында отандық смарт-трекер мен жануарлардың жай-күйін мониторингтеу жүйесі енгізілген.
«Бұл шешім фермерлер мен аграрлық компанияларға жануарлардың жағдайын онлайн бақылауға жəне олардың аурудан өлуін уақытылы болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.
Жүйе мынадай сенсорларды қамтиды:
  • қоректену белсенділігін талдау;
  • жалпы физикалық белсенділік;
  • дене температурасы;
  • жануардың үдеуі жəне белсенділігі.
Министр бұл шешім сонымен қатар ветеринариялық қызметті цифрландыруға, қаржы ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар үшін мақсатты қаржыландыруға жəне мал шаруашылығын сақтандыру процестерін цифрландыруға негіз қалайтынын атап өтті.
Қазір цифрлық жүйе еліміздің үш өңірінде енгізіліп, табысты жұмыс істеп тұр.



08 шілде 2025 ж. 294 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031