Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан енді қарасорадан қағаз шығарады

Қазақстан енді қарасорадан қағаз шығарады

Фото: freepik.com
Қазақстан қарасорадан қағаз шығармақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда инвестор жер таңдап жатқан көрінеді. 
«Өндірілетін өнім бойынша айта кету керек, бұл салада өнім түрлері өте көп. Қағаз өнімдерінен бастап, майға дейін өндіруге болады. Алайда бізде техникалық қарасораны өсіруге ғана рұқсат етілгенін ескере отырып, яғни құрамында есірткілік зат болмайды, негізгі өнім жоғары деңгейде қорғалған қағаз болуы мүмкін», — деді ол. 
Азат Сұлтанов қарасорадан қағаз жасау өндірісін Солтүстік Қазақстан облысында қолға алу қаралып жатқанын айтты. 
«Бұл өте жақсы экспорттық өнім болады. Яғни, бұл арқылы жеке басын куәландыратын құжаттарды, төлқұжаттарды және әртүрлі арнайы бланкілерді өндіреді», — деді вице-министр.
Айта кетейік, былтыр Қырғызстанда есірткіні заңдастыру ұсынылды. Депутаттардың бірі қарасора сынды табиғи есірткілерді құқық қорғау органдары жойып жіберетіндіктен, жастар арзан синтетикалық есірткілерді сатып алады деп мәлімдеді. 
08 шілде 2025 ж. 299 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031