Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бойынша 8 шілдеде ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 8 шілдеде ауа райы қандай болады?

2025 жылғы 8 шілдеде найзағай, бұршақ және аптап ыстықпен қатар тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
Фото: Joshua Woroniecki
Синоптиктер ел аумағындағы синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстары бойынша болжам ұсынды. Онда келесі мәліметтер келтірілген:
"Атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, ал шығысында – қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Қалған өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген "Қазгидрометтің" ақпаратында.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, шығыста дауыл болуы ықтимал.
Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
"Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі", – деп толықтырды синоптиктер.
Күндіз Атырау және Алматы облыстарында аптап ыстық болады – ауа температурасы +35°С дейін көтеріледі. Түркістан облысының батысында +40°С, ал Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде +35…+37°С күтіледі.
08 шілде 2025 ж. 234 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 114

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031