Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автобус салонында +61 градус: Бішкекте ыстықтың беті қайтпай тұр

Автобус салонында +61 градус: Бішкекте ыстықтың беті қайтпай тұр

Photo: t.me/bishnews
3 шілдеден бастап Қырғызстан астанасы Бішкекте күн күрт қайнап тұр. Сол күннен бері ауа температурасы +37 градусқа жетсе, жұма күні +39-ға дейін көтерілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, сенбі және жексенбі күндері де күн +35 градустан төмендемейді.
«Бишкек сегодня» атты жергілікті ақпараттық паблик қалалық автобустың ішінен түсірілген фотосуретті жариялады. Суретте салон ішіндегі термометр +61 градусты көрсетіп тұр.
Қалада ыстықтан есінен танып жатқандар бар. Кешкі уақытта бір бойжеткен есінен танып құлап қалған. Полицейлер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.
Қала әкімі Айбек Жунушалиев аптап ыстыққа байланысты Бішкектегі жасыл желекті суаруды күшейтуді тапсырды. Уақытылы суарылмаған жағдайда, жауапты тұлғалар жазаланатынын алға тартты.
Айта кетейік, Қазақстанда да алдағы күндері ауа райы күрт ысиды деп күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігінде температура +45-46 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығысында +40-45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.



05 шілде 2025 ж. 185 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031