Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша көш басында қандай орган тұр

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша көш басында қандай орган тұр

Фото: freepik.com
Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 464 жемқор тіркелген, бұл өткен жылғы 445 адаммен салыстырғанда 4,3% көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Желілік басылым дерегінше, осы жылдың бес айында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша айыпталған 405 адамның ісі сотқа жолданған – бұл өткен жылдың қаңтар–мамырына қарағанда 9,2% артық.

Ісі сотқа жолданғандар арасында көбіне әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің аты аталады – 66 адам (былтырғымен салыстырғанда 32% азайған). Одан кейінгі тізімде ішкі істер органдарының қызметкерлері – 49 адам, қаржы министрлігі қызметкерлері – 16 адам, ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері – 11 адам және ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері – 7 адам тұр.

Жалпы бес айда сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 12 министрліктің 57 қызметкерінің ісі сотқа жолданған. Бұл өткен жылғы 54 қызметкермен салыстырғанда көп.

Мұнда деректері егжей-тегжейлі берілген министрліктер мен олардың істі болған қызметкерлері туралы ғана айтылып отыр. Мысалы, оған ішкі істер министрлігі кірмейді, өйткені бұл жағдайдағы деректер жалпы министрлік бойынша емес, тек кейбір бөлімшелер мен департаменттер бойынша ғана қарастырылған. Қазақстан Республикасында 21 министрлік жұмыс істейтіндіктен, деректер толық болмауы мүмкін.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш әкім (өткен жылы – 1 әкім) және бір судьяның ісі де сотқа берілген.

Сыбайлас жемқорлық бойынша анықталған құқықбұзушылар арасында ең көп таралғаны — пара алу. Биылғы жылдың бес айында пара алған 167 адам анықталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,5%-ға артқан.

Пара алу үстінде ұсталғандардың көбі – ішкі істер органдарының қызметкерлері (22 адам), әкімдіктер мен олардың бөлімшелері (13 адам), қаржы министрлігінің қызметкерлері (9 адам).

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша кееліс орындарда пара беру (99 адам ұсталған) және сыбайлас жемқорлық жолымен жасалған алаяқтық (71 адам) тұр.

Халықаралық статистикаға келсек, 2024 жылғы жаһандық сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орынды иеленген, индекс мәні – 40. Айта кетейік, индекс неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым сыбайлас жемқорлықтан таза болып есептеледі. Бұл рейтингте көрсеткіш 0-ден (өте жемқор ел) 100-ге (жемқорлықтан мейлінше таза ел) дейінгі шкала бойынша бағаланады.

ТМД елдері арасында Қазақстан 63 және 77-орынды иеленген Армения мен Молдовадан кейін үшінші орында тұр.
04 шілде 2025 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031