Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүфтият никабқа тыйым салуды қолдады

Мүфтият никабқа тыйым салуды қолдады

Фото: Pexels
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бетті тұтас жабатын киімге (никаб) тыйым салу шешімін қолдап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, бұл шешім — дінге қысым көрсету емес, керісінше, қоғамның қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы шара.
Мүфтияттың мәлімдеуінше, исламда әйел адамның бетін толықтай жабу міндетті емес.
Құран мен хадистерге сүйенсек, мұндай талап жоқ. Сонымен қатар, бұндай киіну үлгісі қазақ халқының дәстүріне де жат.
«Әйел адамның бетін жабуы міндетті емес. Бұл қазақ халқының дәстүрінде де жоқ» деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, заңсыз миссионерлік қызметі үшін, сот алдында жауапқа тартылған атышулы Дарын Мүбаров қазіргі кезде жұрт алдына шығып, пікір білдіріп жүр. Ол жақында Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube арнасына сұхбат берді. Сол сұхбатына «дінге қызмет еткен» адам болса, домбыраны қой деп айтуымыз мүмкін деп жауап берген болатын. Сонымен қатар дін, дәстүр тақырыбында біраз әңгіме қозғалды. Orda.kz сұхбатты 300 мыңнан аса адам көріп, белгілі бір дәрежеде көпшілікке әсер ететін болған соң, туындаған сұрақтарды арнайы мүфтиятқа жолдап, Дарын Мүбаровты тыңдауға болатыны, я болмайтыны жайлы анықтап көрді.

04 шілде 2025 ж. 588 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031