Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран астанасы әуе кеңістігін үш аптадан кейін қайта ашты

Иран астанасы әуе кеңістігін үш аптадан кейін қайта ашты

Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстан кейін әуе кеңістігі жабылған
Иран астанасы әуе кеңістігін үш аптадан кейін қайта ашты
Фото: istockphoto.com
Тегерандағы екі халықаралық әуежай жұмысын қайта бастады. Бұл шешім Израильмен жасалған бейбіт келісімнен кейін қабылданды. Ал Иранның кейбір аймақтарында әуе қозғалысына шектеулер әлі сақталып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тегеран әуежайлары қайта ашылды

Израильмен арадағы бітім күшіне енген соң бір апта өткенде, Иранның астанасы Тегерандағы екі басты әуежай өз жұмысын қайта бастады. Иранның Азаматтық авиация басқармасының шешіміне сәйкес, барлық рейс, оның ішінде халықаралық бағыттар бойынша ұшулар жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды мемлекеттік IRNA агенттігі.

Басқа қалалардағы шектеулер әлі алынған жоқ

Иранның солтүстік-батысындағы Тебриз және орталық бөлігіндегі Исфахан қалаларындағы әуежайлар әзірге жабық күйінде қалуда. Азаматтық авиация билігі соңғы күндері тек бірнеше рұқсат пен жеңілдік берген.
Ал елдің солтүстік-шығысында орналасқан Мешхед қаласының әуежайы бірнеше күн бұрын толық ашылған.

Әуе кеңістігі не үшін жабылды?

Иран өз әуе кеңістігін 13 маусымда жапты. Бұл шешім Израиль тарапынан жасалған шабуылдар басталғаннан кейін қабылданған болатын. Екі ел арасындағы ресми бітім 24 маусымда күшіне енді.



04 шілде 2025 ж. 313 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031