Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран мен Израиль бір-біріне тағы соққы жасады

Иран мен Израиль бір-біріне тағы соққы жасады

Иран мен Израиль бір-біріне тағы соққы жасады
Фото: Reuters
Иран мен Израиль сенбі күні таңертең ерте бір-біріне жаңа соққылар жасады. Бұл Тегеран қауіп төнген кезде ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдегеннен кейін бір тәулік өткен соң болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль уақытымен сағат 02:30 шамасында ел әскері Ираннан зымыран атылғанын ескертті. Әуе дабылы Израильдің орталық аймақтарында, соның ішінде Тель-Авивте және басып алынған Батыс жағалауда іске қосылды.
– Тель-Авив аспанында зымырандардың тосқауылмен жойылғаны байқалды, қалада жарылыстар естілді — бұл Израильдің әуе шабуылынан қорғаныс жүйелері жұмыс істеп жатқанының белгісі, — делінген мақалада.
Сол уақытта Израиль Иран аумағындағы зымырандарды сақтау және ұшыру нысандарына жаңа соққылар толқынын бастаған.
Еске салайық, 13 маусым күні Израиль әскері “Арыстандай халық” атты операцияны бастап, Иран инфрақұрылымына шабуыл жасаған еді. Бұған жауап ретінде Тегеран жүздеген зымыран ұшырды. Содан кейін Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы нысандарға соққы жасай берді.
Сондай-ақ Дональд Трамп алдағы екі апта ішінде АҚШ-тың Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа әскери араласуға дайын екені жөнінде шешім қабылдайтыны хабарланған еді.
21 маусым 2025 ж. 259 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031