Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық компаниялар жұмсамаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады

Ұлттық компаниялар жұмсамаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады

Бұл қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек
Ұлттық компаниялар жұмсамаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту мақсатында бөлінген, алайда пайдаланылмаған қаражатты мемлекетке қайтару тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жаңашыл механизм Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі тарапынан әзірленіп, 2024 жылғы 15 наурызда мемлекет басшысы қол қойған жаңа Бюджет кодексіне енгізілді.
«Бұл бастама бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді ұлттық компаниялардың шоттарында бос жатқан қаражат кері қайтарылады да, олар әлеуметтік және экономикалық маңызы жоғары жобаларға жұмсалуы мүмкін. Мысалы, бұл қаражат ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға немесе басқа да басым міндеттерді шешуге бағытталады», - делінген хабарламада.
Жаңа норма квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаржыны жоспарлау мен игеру барысындағы жауапкершілігін арттырады. Себебі енді игерілмеген қаражат міндетті түрде мемлекеттік бюджетке қайтарылады. Бұл өз кезегінде тиімсіз жұмсау тәуекелдерін төмендетіп, есептілік пен ашықтықты күшейтеді.



03 шілде 2025 ж. 309 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031