Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экология министрлігі 800 мың киікті атпақ

Экология министрлігі 800 мың киікті атпақ

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.
Фото: istockphoto.comФото: istockphoto.com
Экология және табиғи ресурстар министрлігі киік санын реттеу мақсатында 800 мың басты табиғи ортадан алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы киіктердің жалпы саны – 3 миллион 978 мың. Оның ішінде 2,3 миллионы Орал популяциясына, 1,6 миллионы Бетпақдалаға, ал 78 мыңы Үстірт өңіріне тиесілі. Ғылыми зерттеулер аталған жануарлардың саны тым көбейіп кеткенін көрсеткен.
«Ғалымдар жалпы популяцияның 20 пайызын табиғи ортадан алу қажет деп отыр. Соған сәйкес, шамамен 800 мың бас киік реттеледі. Олардың 40 пайызы – аталық, 40 пайызы – аналық, 20 пайызы – төлдер», – деді министр.
Осы мақсатта өңірлерде ет өңдейтін кәсіпорындар ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Министрлік бұл бағытта жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуде.
Қабылданған шешім киік популяциясын тұрақты деңгейде ұстап тұруға бағытталған. Сонымен қатар, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау мәселесі де ескерілген.

25 маусым 2025 ж. 296 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 69

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 50

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930