Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 мың қызметкердің жалақысы өседі – Нұржан Нұржігітов

25 мың қызметкердің жалақысы өседі – Нұржан Нұржігітов

«Қазсушардың» 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылды
25 мың қызметкердің жалақысы өседі – Нұржан Нұржігітов
Фото:
istockphoto.com
Су саласындағы 25 000 қызметкердің жалақысы орта есеппен 35-50% өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалақы 35-50% өседі

Министрдің айтуынша қыркүйек айында «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер күшіне енеді.
«Осы өзгерістерге сәйкес, су саласындағы 25 000 қызметкердің жалақысы орта есеппен 35-50% өседі», – деді Нұржан Нұржігітов.

279 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Ол сондай-ақ жыл басынан бері «Қазсушардың» 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
Жақын арада тағы 146 адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Осылайша, кәсіпорындағы 425 маусымдық жұмысшының барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады.
«Бұрын маусымдық жұмысшылар жылына 6-8 ай ғана жұмыс істейтін. Енді барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бұл жұмысшыларға жаңа міндеттер жүктеледі. Олар каналдар мен гидротехникалық құрылғыларды жөндеуге қатысады, су пайдаланушылармен жұмыс істейді, су тасқыны мен төтенше жағдайлар кезінде кезекшілік атқарады, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды консервациялаумен айналысады.



30 маусым 2025 ж. 289 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930