Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекияда жасөспірімдерге ішімдік сатқандар жауапкершілікке тартылады

Грекияда жасөспірімдерге ішімдік сатқандар жауапкершілікке тартылады

Грекия үкіметі бармендер мен даяшылардың кәмелетке толмағандарға әдейі алкоголь ұсынуын алғаш рет қылмыс деп тануды көздейтін жаңа заң жобасын қолға алды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.
Фото: pixabay
Бұл бастама елдегі кәмелетке толмағандардың алкоголь мен темекі тұтынуына қарсы күреске бағытталған кең ауқымды кампанияның бір бөлігі. Себебі Грекияда мұндай шектеулер ұзақ уақыт бойы елеусіз қалып келген.

Грекияның денсаулық сақтау министрі Адонис Георгиадис ұсынған жаңа заң жобасы бұрыннан бар, бірақ іс жүзінде орындалмай келген заңдарды күшейтуге бағытталған, деп жазады iefimerida.gr онлайн басылымы.

Бұл шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы алаңдатарлық статистика аясында қолға алынып отыр. Зерттеулерге сәйкес, 16 жастағы гректердің 92%-ы алкогольге оңай қол жеткізе алатынын айтқан.

Денсаулық сақтау министрі жастарды алкогольді шамадан тыс тұтынудың қауіпті әсерінен қорғауға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Себебі бұл — Еуропада 16-25 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі.

Ұсынылған заң жобасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қызмет көрсеткені үшін заңды жауапкершілік тек кәсіп иелеріне ғана емес, ішімдікті құйып берген жекелеген қызметкерлерге де жүктелетін болады.

Сонымен қатар, заң жобасы кәмелетке толмағандар қатысатын кештерді қатаң реттеуді ұсынады. Яғни, мұндай кештер (барларда немесе клубтарда өтетін болса) Грекияның Цифрлық басқару министрлігінде тіркелуі тиіс.

Темекіге қатысты заң жобасы әр сату кезінде құжаттарды қатаң тексеруді міндеттейді. Бұл — ата-аналардың баласын дүкенге темекі алуға жіберу сияқты кең таралған тәжірибеге қарсы бағытталған шара.

Аталған заң жобасының ұсынылуы — Грекияда мәдени тұрғыдан бетбұрыс кезеңінің басталуы ретінде бағаланып отыр. Себебі елде жақында ғана қоғамдық орындарда темекі шегу қалыпты жағдай саналса, ал кәмелетке толмағандардың алкоголь тұтынуына кеңінен көз жұма қарайтын.

Бұған дейін Грекия халыққа қаржылық жеңілдіктер туралы жариялағаны белгілі болды.

29 маусым 2025 ж. 251 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930