Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сушыларға 30 жаңа техника берілді

Қызылордада сушыларға 30 жаңа техника берілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
«Қазсушардың» «Сыр суы» филиалына 30 жаңа арнайы техника тапсырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Сондай-ақ суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен танысқан.

Министр «Қазсушар» РМК-нің «Сыр суы» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды. Оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор бар. Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.
28 маусым 2025 ж. 253 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930