Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автокөліктер мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін

Қазақстанда автокөліктер мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде ақылы негізде электрон кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін. Жаңа ережелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа ережелер туралы:
Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгерістер шекарадан өту мен маршрутты жоспарлау кезінде бәрі ашық, тәртіпке сай және болжауға оңай болатынын қамтамасыз етеді.

Құжат 14 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
"Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнаманың ережелерін ескере отырып әзірленді", – делінген құжаттың түсіндірмесінде.
Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:
Жалған мәліметтер үшін және броньды пайдаланбағаны үшін жауапкершілік енгізу: пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттау және кепілдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Жергілікті атқарушы органдарға өткізу бекеттерінің маңында күту аймақтарын ұйымдастыру міндеттеледі;
Кезектен тыс және жедел өту тәртібі бөлініп, жедел өту үшін жеке ақылы режим енгізіледі;
Артықшылығы бар жүктер (жануарлар, тез бұзылатын, қауіпті жүктер) үшін жеке слоттар құрылады;
Фотоға түсіру, сәйкестендіру, мемлекеттік дерекқорлармен (мысалы, VIN-код және сақтандыру) жұмыс істеудің техникалық механизмдері нақтыланады;
Бірнеше рет бронь жасауға шектеу, бронь уақытын ауыстыру мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған.
Жүк тасымалдаушылар Қазақстан шекараларындағы өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектерге жиі шағымданады. Маусымның басында батыс өңірде жүк көліктері шекарада 10 шақырымдық кезекте тұрып қалды. Олар бірнеше күн бойы өз кезегін күткен.


28 маусым 2025 ж. 234 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930