Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы

Аудан әкімінің БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Халықтың күнделікті тіршілігін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бүгінгі қоғамның тынысы туралы хабар таратып, халық пен билік арасына дәнекер болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегі әрқашан да құрметке лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Журналистер жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңіруде», – деп атап өткен болатын.
Қалың бұқара көтерген мәселелерді жан-жақты зерттеп, тереңнен талдай біліп, елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларды, ел мүддесіне бағытталған игі істерді ақпараттандырып, жақсылықтың жаршысы болған журналистер қауымына ризашылығымды білдіремін.
Алдағы уақытта да әрбір іске қолдау көрсетіп, еліміздің өркендеуі жолында тындырымды тірліктер атқара берулеріңізге тілектеспін.
Кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық мол табыс тілеймін.
Қарымды қаламдарыңыз ұштала берсін!
28 маусым 2025 ж. 240 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031