Жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары пысықталды
Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясымен жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында Қазалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарына аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев, Ардақ Кәдір және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев қатысты.
Аталған мекемеде дала өртін ауыздықтауға 4 өрт сөндіруші, 2 көлік жүргізуші қызмет жасайды. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша 2 өрт сөндіру көлігі, 3 трактор, 1 тіркелмелі су тасушы, 5 дана мотопомпа, 60 дана қолға ұстап жүретін рация және 1 дана стационарлы радиостанция қолданыста бар. Сондай-ақ басқа да құрал-жабдықтармен қамтылған.
Өткен жылы Қазалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуын арнайы көруге барған партиялықтар мекемеде орналасқан өрт сөндіру көлігі мен штаттық бірлік белгіленген нормативтерге сай емес екенін, өрт сөндірушілердің қызметтік киімдерінің де мерзімі өткенін көріп бақылауға алып, облыстық басқармаға партия атынан ұсыныс берілген болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселе шешімін тауып, қызметтік киімдер жаңартылып, тиісті жұмыстар жасалған.
Айта кетейік мониторинг барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, жанар-жағармай бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу деңгейі де қаралды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өрттің алдын алу бағытында нақты ұсыныстар берілді.
Мониторинг барысында айтылған ұсыныс -пікірлер назарға алынып, тиісті жұмыстар жасалатын болады.
#AMANAT
#KPK
#мониторингAMANAT