Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел ішек инфекцияларынан сақ болу маңызды

Жедел ішек инфекцияларынан сақ болу маңызды

Жаздың келуімен жедел ішек инфекцияларының таралу қаупі күшейеді. Әсіресе дұрыс сақталмаған тағамдар мен жуылмаған көкөніс-жемістер арқылы ауру жұғуы мүмкін. Мамандар жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, қауіпсіз сауда орындарынан ғана өнім сатып алу және тамақтану барысында мұқият болу қажет екенін ескертеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықова мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шарипа Алиева мәлімдеді.
- Жаз мезгілі - табиғаттың жаңарып, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері молаятын кезең. Осындай уақытта тамақ өнімдерін дұрыс тұтыну мен санитариялық талаптарды сақтау өзекті бола түседі. Ауа райының жылынуы тағам өнімдерінің сақталу жағдайына, әсіресе көкөніс пен жемістердің сапасына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қызылорда облысында қазіргі таңда жедел ішек инфекциялары бойынша жағдай тұрақты. Анықталған жағдайларды зерделеу барысында көбінесе дұрыс сақталмаған немесе үй жағдайында дайындалған тағам өнімдерін тұтыну, жеке тазалық шараларына жеткілікті көңіл бөлмеу сияқты жайттар кездесетіні байқалды. Сонымен қатар көктем және жаз мезгілінде ерте піскен бақша өнімдерін мөлшерден тыс тұтыну да ағзаға жайсыздық тудыратыны белгілі болды. Жалпы, осы кезеңде азық-түліктің сапасына, жеміс-жидек пен көкөністің тазалығына мән беру, су көздерінің тазалығын қадағалау және тұрмыста санитариялық талаптарды сақтау маңызды. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі өз тарапынан қауіпсіз өнімдерге тұрақты бақылау жүргізуде. Сауда орындарынан сатып алынған өнімдердің сапасы мен талаптарға сәйкестігі зертханалық тұрғыда тексеріліп, қажетті шаралар қабылданып жатыр. Біздің мақсат - халықтың сапалы әрі қауіпсіз өнім тұтынуына жағдай жасау және тұрғындар денсаулығын қорғау. Баршаңызды санитариялық талаптарды сақтауға және күнделікті өмірде тазалық мәдениетін ұстануға шақырамын,-деді Гүлмира Жамбылқызы.
- Жедел ішек инфекциялары - әсіресе жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Бұл дерттің негізгі белгілері - дене қызуының көтерілуі, іш өту, құсу және жалпы әлсіздік. Мұндай жағдайда науқас міндетті түрде дәрігерге жүгініп, уақытылы медициналық көмек алуы қажет. Өзін-өзі емдеуге жол бермеу керек. Біздің ауруханаға жедел ішек инфекциясының белгілерімен түсетін науқастардың басым бөлігі - балалар. Әсіресе жазғы мезгілде олар көбірек бақша өнімдерін, жеміс-жидек пен балмұздақ сияқты тағамдарды жиі тұтынады. Кей жағдайларда дұрыс жуылмаған немесе дұрыс сақталмаған тағам өнімдері аурудың себебіне айналып жатады. Жедел ішек инфекциясының алдын алудың ең маңызды жолы - қарапайым тазалық ережелерін сақтау. Әсіресе балалар арасында жеке бас гигиенасын қалыптастыру, қолды жиі жуу және дұрыс тамақтану мәдениетін үйрету маңызды. Медициналық мекемелерде науқастарға тиісті емдік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда қажетті дәрі-дәрмек пен орын жеткілікті. Біздің міндетіміз - ауруды емдеумен қатар, оның алдын алуға да баса мән беру. Сондықтан баршаңызды санитариялық-гигиеналық талаптарды орындауға, таза тағам тұтынуға және денсаулыққа мұқият болуға шақырамыз,-деді Шарипа Жақсылыққызы.
26 маусым 2025 ж. 146 0

Алаяқтарға алданбаңыз!

26 маусым 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30